Түркістан облысында екі жасар бала өз үйінің ауласындағы жаңбыр суына батып қайтыс болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін, яғни 26 қазанда сағат 01:00-ден 6:00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын салдарынан 3 ауданда (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды.
«Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында. Тиісті күштер мен құралдар құрылды. Қазіргі уақытта Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен су айдау жұмыстары жүргізілуде», – делінген ТЖМ хабарламасында.Сонымен қатар жауын салдарынан қараусыз қалған бала қайтыс болған.
«Қазығұрт ауылында сағат 9:30 шамасында 2020 жылғы бала өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз ойнап жүріп, үйдің аумағындағы жаңбыр суына толған шұңқырға құлап, батып кетті», – делінген хабарламада.