«367,5 миллион теңге ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталды»: Антикор Ержан Бабақұмаровқа қатысты мәлімдеме жасады
«367,5 миллион теңге ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталды»: Антикор Ержан Бабақұмаровқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото:gov.kz
311
оқылды
Алматы қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысына және басқа адамдарға қатысты 367,5 миллион теңге ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды. Ведомствоның хабарлауынша. қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жүргізілуде.
«Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Е. Бабақұмаров осы қылмыстық іс бойынша күдікті емес. Одан ақшалай қаражат бөлу және «Спорттық Алматы» кешенді бағдарламасын іске асыру мән-жайлары бойынша куәгер ретінде жауап алынды», – делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды. Айта кетейік, 2022 жылдың ақпанында Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры болып тағайындалды.