Әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің біріндегі дүкеннің баспалдағына құлаған ер адамның видеосы тарады
Әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің біріндегі дүкеннің баспалдағына құлаған ер адамның видеосы тарады
489
оқылды
Әлеуметтік желіде Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріндегі дүкеннің баспалдағына құлаған ер адамның видеосы тарап жатыр.
"Ғабит Мүсірепов ауданының 38 жастағы тұрғыны бір күн бұрын жұмыстарымен Петропавл қаласына келіп, Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатынан пәтер жалдап тұрған. Оның айтуынша, ол пәтерде жалғыз болған және ішімдік ішкен. Темекі шегу үшін балконға шыққан ер адам тепе-теңдігін жоғалтып, дүкеннің баспалдағына құлаған. Біраз уақыттан кейін есін жиып, пәтерге оралған. Оның ешкімге арыз-талабы жоқ, медициналық көмекке жүгінген жоқ", - деді Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сейілбек Елжасов.