Ұлытауда кәсіпкер көлігінің ішінде тірідей жанып кетті
Ұлытауда кәсіпкер көлігінің ішінде тірідей жанып кетті
Фото: ru.oxu.az
Ұлытау облысында полицейлер Сәтбаев қаласының шыға берісінде болған жол апатының себебін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. КТК арнасының мәліметінше, «Мерседес» көлігі жүйткіген күйі қаланың атауы жазылған аркаға соғылып, жүргізушісі жан тапсырған. Қалыңдығы бірнеше метр арканы көтеріп тұрған қабырғаға жеңіл көлік жоғары жылдамдықпен келіп соғылған. Бірден лап етіп отқа оранған. Рульде 58 жастағы кәсіпкерлікпен айналысатын Жезқазған тұрғыны болған. Қатты соққыдан есінен танып қалған оны қызыл жалыннан ешкім алып шыға алмады. Қазір жүргізуші не себепті тізгінге ие бола алмай қалғаны анықталып жатыр. Өртенген көлік техникалық сараптамаға жіберілген.
Ұлытау облысы ПД баспасөз хатшысы Аңсаған Тоқбергенов: «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі көліктің руліне ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған. Жол апаты кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Полиция тиісті сараптама тағайындап, тергеу жүргізіп жатыр», – деді.