URKER – 2022 сыйлығының финалистері анықталды
URKER – 2022 сыйлығының финалистері анықталды
Фото: khabar.kz
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы URKER – 2022 ұлттық бәйгесінің финалистері анықталды. Байқау 13 номинация бойынша өткізіліп жатыр, оның ішінде медиа саласын дамытуға елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалардың құрметіне 3 арнайы сыйлық бар. Журналистерден барлығы 544 жұмыс жолданған. Ең көп өтінім «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Жылдың үздік аналитика материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша түсті. Нәтижесінде, құрамына беделді журналистер, медиа-менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы финалистерді анықтады. Қысқа тізімге енген 52 номинант: Жылдың үздік сұхбаты: Мейірман Лес – Baribar.kz Тұрсынбек Башаров – Massaget.kz Ая Өміртай – Halyq-uni.kz Жадра Жулмухаметова – BaigeNews.kz Жылдың үздік репортажы: Анар Қоныс – Aikyn.kz Илья Астахов – Liter.kz Дамира Аугамбаева – Orda.kz Айнаш Хаметжанова – Tengrinews.kz Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Мұрат Аяғанов – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті Гүлшат Сералы – «Астана ақшамы» газеті Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz Бахыт Сарсембаева – «Вечерний Алматы» газеті Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Абзал Токанов –  AIQYN  республикалық газеті Төрехан Данияров – «Алматы ақшамы» газеті Аскар Машаев – «Курсив» газеті Қазбек Құттымұратұлы – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті Жылдың үздік аналитикалық материалы: Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті Құралай Құдайберген – inbusiness.kz Ділда Уәлибекова – «Túrkistan» халықаралық газеті Айнура Аханова – Orda.kz Халықаралық тақырыптағы үздік материалы: Нұрлат Байгенже – «Астана ақшамы» газеті Арман Октябров – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz Сауле Исабаева – Qmonitor.kz Жылдың үздік жаңалықтар порталы: BAQ.KZ INBUSINESS.KZ Zakon.kz Express.kz Радиостанциядағы үздік жоба: «Кешкі Time» – ORDA FM «Ой-түйін» – Qazaq radiosy «Деловое утро» – Business FM Cover time  – ASTANA FM Жылдың үздік фотосуреті: Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz Сәкен Ділдахмет – Nege.kz Ернар Алмабек – Massaget.kz Ольга Бугаева – Pavlodarnews.kz Үздік өңірлік БАҚ: «Saryarqa samaly» газеті «Астана ақшамы»  газеті «Атырау» газеті «Алматы ақшамы» газеті Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия: Динар Керім – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті Алтынбек Құмырзақұлы – e-history.kz Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz Ирина Галушко – «Экспресс К» газеті Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия: Бағдагүл Шарғынова – Қазақ радиолары Қымбат Слямбеков – Massaget.kz «Қырғыз әдебиеті» жобасы – «Таң-Шолпан» журналы Наргиз Рахимжанкызы – «Вечерний Алматы» газеті Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия: Қали Сәрсенбай – «Ана тілі» газеті Қайым-Мұнар Табеев – «Қазақ әдебиеті» газеті Асылан Тілеген – «Ақ желкен» журналы Ғалымжан Елшібай – Оinet.kz «URKER-2022» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 28 қазан күні анықталып, марапатталады. Іс-шара Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтеді. Жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады. Байқау ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар» агенттігі» АҚ.