Қостанайда сыныптасының көз алдында 11 жасар оқушы қыз көз жұмды
Қостанайда сыныптасының көз алдында 11 жасар оқушы қыз көз жұмды
Фото: www.gov.kz
1,062
оқылды
Оқушы қыз автобустың астына түсіп, көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын өңірлік Полиция департаментінің қызметкерлері хабарлады.  «Сағат 14.42-де Қостанайда Абай және әл-Фараби даңғылдарының қиылысында  автобусты тізгіндеген 37 жастағы жүргізуші бағдаршамның жасыл белгісімен өтіп бара жатқан 11 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті», – деді Қостанай облысы ПД басқармасының аға инспекторы Вадим Исаев. Оқиғаға куә болған сыныптас қыздың айтуынша, оқушыны автобус жолақ жолдан өтіп, жолдың келесі бетіне өте бергенде басып кеткен. Жол апаты салдарынан алған жарақатынан оқушы сол жерде көз жұмды. «Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді»», – деді Исаев. Автобус тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты тергеу шаралары басталды.