Металлургтер Мейрам Қажыкенге каска табыс етті
Металлургтер Мейрам Қажыкенге каска табыс етті
325
оқылды
ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Жезқазған мыс балқыту зауытына барды.  Үміткер анод бөлімшесінің жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ ол қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, металлургтердің зиянды өндіріс орнында жұмыс істейтіндіктен, ерте зейнетке шығу мәселесін көтерді. Кездесу соңында зауыт қызметкерлері сайлауалды додада сәттілік тілеп, кандидатқа жұмысшылар кәсіподақтарының бірлігінің белгісі ретінде касканы табыс етті. Мейрам Металлургтермен кездесуден кейін кандидат Мейрам Қажыкен "Адал еңбек KZ" ЖШС-на барды. Бұл компания –  "Қазақмыс" корпорациясының бастамасымен, кәсіпорындарында еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған ұйым. Кездесу барысында үміткер компания басшылығымен және белсенділерімен танысты. Мұнда қызметкерлер ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесіне ден қойды. Айта кетерлік дүние, "Адал еңбек KZ" ЖШС 2015 жылы Жезқазған қаласында компания кәсіпорындарында еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған.