Промоутер "Канелоның" өтірігін ашты
Промоутер "Канелоның" өтірігін ашты
Британиялық промоутер Эдди Хирн жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуі үшін Бивол - Рамирес айқасында отандасына жанкүйер боламын деген Сауль "Канело" Альварестің сөзіне қатысты өз ойын айтты, – деп хабарлайды Fightnews.info. 5 қараша Абу-Дабиде Хильберто көктемде "Канелоны" жеңген ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жекке шығады. Хирннің сөзінше, шындығында келгенде "Канело" Биволдың жеңгенін қалайды. Өйткені Альварес ресейлікпен қарымта өткізіп, өзі жеңгісі келеді. "Бұл Бивол мен Рамирес арасындағы тамаша айқас болады, карды да мықты. "Канелоның" айтуынша, ол Рамирестің жеңгенін қалайды, өйткені ол – мексикалық отандасы. Дегенмен  түбінде ол Биволдың жеңгенін қалайды. Дмитрий жеңіске жетсе, олар қарымта өткізе алады.