Батыс Қазақстан облысында көлік аударылып, 18 жастағы екі жігіт көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында көлік аударылып, 18 жастағы екі жігіт көз жұмды
© inbusiness.kz
611
оқылды
Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, 18 жастағы екі жігіт көз жұмды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңмен Бәйтерек ауданы аумағында болды.
«Сағат 08.30-да Орал-Тасқала жолының 28-шақырымында 2004 жылғы жүргізуші Nissan Almera автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған. Соның салдарынан жүргізуші мен автокөлікте отырған 2004 жылғы жолаушы оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.