Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы кейінге қалды
Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы кейінге қалды
© inform.kz
Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалды. Бұған оның адвокатының сот отырысына қатыса алмайтыны себеп болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін, 27 қазанда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтуі тиіс еді. Алайда  отырыс өткен жоқ. Бұған Бақытгүл Хаменованың адвокаты Игорь Вранчевтің денсаулығына байланысты сот отырысына келмей қалуы себеп болды. Адвокат судьяға сот отырысын келесі аптаға ауыстыру туралы жазбаша өтініш түсірген. Айта кетсек, облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына  Қылмыстық кодекстің 366-бабы  3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы  2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.