Синоптиктер 15 өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер 15 өңірде ескерту жариялады
280
оқылды
Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с солтүстік-батыс желі күтіледі. Алматы қ.: 28 қазан түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз облыстың орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Астана қаласында түнде тұман, көктайғақ болжанады. 28 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді. Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде Павлодар облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с сақталады.