Жеті метрлік питон әйелді жұтып қойды
Жеті метрлік питон әйелді жұтып қойды
5,825
оқылды
Индонезияда ұзындығы 7 метр болатын алып питон 54 жастағы әйелді жұтып қойды. Жылан шабуылдаған кезде әйел плантацияда көксағыз (каучук) жинап жүрген, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Mirror басылымының хабарлауынша, әйел жұмыстан кейін үйіне оралмаған соң отбасы полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, екі күннен кейін сол маңайдан әйелдің аяқкиімі, күртешесі мен пышақ табылған. Кейін іздестіру тобы қарны томпиған алып питонды тапты. Полицейлер алып жыланды өлтіріп, ішін кескен кезде марқұмның денесі сол жерден табылған. 20 қазанда Қостанай тұрғыны жуыну бөлмесінен жылан тауып алғаны хабарланған еді.