Шымкентте кәсіпкерді қорқытып, көлігін тартып алған қылмыстық топ ұсталды
Шымкентте кәсіпкерді қорқытып, көлігін тартып алған қылмыстық топ ұсталды
670
оқылды
Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері жеке кәсіпкерді қорқытып, Toyota Camry 70 автокөлігін тартып алған қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Аталған жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Аса ауыр қылмысты ашу мақсатында Шымкент қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
"Бірнеше күннің ішінде тергеушілер бопсалау жайтына қатысы бар деген күдікке ілінген екі қала тұрғынының жеке басын анықтады. Біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілердің бірі тұрғылықты мекенжайында қолға түсті. Ал сыбайласы қаладағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Олардан екі аңшы пышағы, 160 оғымен пневматикалық тапанша, 21 оғымен АК-47 автоматы және Макаров тапаншасының қабы тәркіленді", – деп хабарлайды ведомство.