«Шымкент» әйелдер футбол клубы Қазақстан чемпионатында 11-рет алтыннан алқа тағып, рекорд орнатты. Шымкенттегі «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда шаһар басшысы Мұрат Әйтенов пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов жеңімпаз команданы салтанатты түрде құттықтап, олардың бұдан да жоғарғы деңгейлерден көріне беретініне сенім білдірді. Қазір «Шымкент» әйелдер футбол клубы – УЕФА-ның үздік 20 командасы қатарында. Олар еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады. Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында үш мәрте өнер көрсетті.
Шымкент қаласы