«Арғымақ» кешені ашылды
«Арғымақ» кешені ашылды
533
оқылды
Елордада Республика күні және Балалар жылына орай мүмкіндігі шектеулі балалардың иппотерапиямен айна­лысуы үшін «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев 2022 жылды Ба­лалар жылы деп жариялады. Пре­зидент олардың әл-ауқаты мем­лекеттің табысты болашағының сенімді кепілі екенін айрықша атап өтті. Бүгінде елордада 7,1 мыңнан астам мүгедектігі бар бала тіркелген, олардың мыңға жуығы денсаулығы бойынша және диаг­нозына сәйкес иппо­тера­пиямен айналысуы қажет. Астана қаласы әкімдігінің ха­барлауынша, ат спорты-сауық­тыру кешенінде балалар үй­ретілген жылқылардың көмегімен ат спор­тымен шұғылданып, жа­рыстарға қатыса алады. Иппо­терапия сабақ­тары балалар, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін балдыр­ған­дардың ден­сау­лығын нығайтып, психоэмо­цио­налды жағдайын жақсартатын пай­далы іс-шараларға қол жеткі­зуге мүмкіндік береді. Иппотерапия дегеніміз – үйре­тілген атпен жүру арқылы оңалту әдісі. Иппотерапияның бірегейлігі балалардың психикасына әсер етудің денеге арналған әдістерінің үйлесімінде жатыр. Емдік мақсатта атпен жүру баланың денесіне био­химиялық әсер етеді, оны нығай­тады. Ол шабандозға баланың жүру қимылына ұқсас мотор импульс­тарын береді. ERG компаниясының қолда­уымен жүзеге асырылған бұл жоба қала тұрғындары үшін бірегей және маңызы зор орталық. Иппо­терапия орталығы 2023 жылдың көктемінен бастап толық жұмыс істейтін бо­лады. Онда халықара­лық жарыстар өтіп, қаладағы балалар мен жасөс­пірімдер спор­тын дамытатын ша­ралар жүйелі түрде өткізілмек.
«Елордамыздағы «Арғымақ» ат-сауықтыру кешеннің негізгі мін­деті – ерекше балалармен иппо­те­рапия сабақтарын өткізу. Биыл – Балалар жылы. Елордадағы ба­ла­лар­ға сый ретінде осындай ор­талық ашылды. Кешен халық­ара­лық стан­дарттарға толық сай келеді және келесі жылдан бастап жұмы­сын толық бастайды. Мұнда өтетін халықаралық жарыстарға балалар мен жасөспірімдерге ар­налған спорт мектептері де қаты­сады», – деді Ат спорты түрлері­нен мем­ле­кеттік жаттықтырушы Аман­жол Хасенов.
Жаңа ат спорты кешенінің ала­ңында республикалық және ха­лықаралық деңгейдегі түрлі тур­нир мен іс-шаралар өт­кі­зілмек, сәй­кесінше елордадағы балалар мен жасөспірімдер спор­тының да­муы­на ықпал ететін болады.