ҚТЖ жоғарғы және төменгі орындар құнына қатысты дифференциалды тәсілді қолдану бойынша пилоттық жобаның күшін жойды
ҚТЖ жоғарғы және төменгі орындар құнына қатысты дифференциалды тәсілді қолдану бойынша пилоттық жобаның күшін жойды
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға әртүрлі тарифтер енгізу туралы шешімін өзгертті.
Алдында Қазақстанда 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың вагондарында жоғарғы орындар 20 пайызға арзандайтыны хабарланған болатын.
–"Жолаушылар тасымалы" АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды, – деп хабарлайды"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.