Жүз рет қажылыққа барған Амангелді ше, нағыз алаяқ - кәсіпкер
Жүз рет қажылыққа барған Амангелді ше, нағыз алаяқ - кәсіпкер
8,503
оқылды
Сөзіне қарағанда, қажылыққа барып келген кәсіпкер Өтеміс Маханов қарияның бейнежазбасы тарады. Онда ол жүз рет қажылыққа барған, онысын дүркіретіп тойлаған Амангелді есімді азаматты сынға алады.
"Қажылыққа бара жатқандарды көрсем, естісем, аяймын. Амангелді деген бар еді ғой, былтыр жүзінші рет қажылыққа барып келген ше? Былайша айтқанда, ол бір жүрген алаяқ! Бізге "Сабыр" деген сөзді үйретіп қойған ғой. Бірдеңе бола қалса, "Сабыр, сабыр, сабыр..." Қарным аш, өлетін болсам, маған сабырдың не керегі бар? Үш жүз доллар алады күніне тағы бізден, бір қой соямын деп. Қойың қайда, қой тұрмақ, лағың қайда сойылған? Өй, ұятсыз, атаңа нәлет, хайуан! Айқай шығардық. "Сабыр" дейді, Сабырыңды қалтаңа салып қой дедім. Өзіңе керек, маған керегі жоқ", – деді қария.
Ол қажылық сапарында шайтанды атуға бармағанын, орнына біреуді жібергенін атап өтеді.