Жуырда орнатылған жаңа аялдама жел соққанда құлап қалды – видео
Жуырда орнатылған жаңа аялдама жел соққанда құлап қалды – видео
Фото: top-news.kz
Қостанайда жаңадан орнатылған аялдама желдің екпініне шыдас бермеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Наш Қостанайдың» жазуынша, «Қостанай-2» шағынауданының тұрғыны сапасыз аялдаманың құлап қалғанына шағымданған. Жуырда ғана ескісінің орнына жаңасын орнатқан екен. Жұрт жаңа аялдаманың салынуын қар мен жаңбырдың астында үш жыл күткен. Жергілікті тұрғын Людмила Понкратованың айтуынша, аялдама құлаған сәтте сол жерде адам болмаған. Аялдаманың сапасына жауапты мекемеге шағымданған. Олар темір бағандарды мықтап орнатуға уәде берген. Жұмысшылар құлаған аялдаманы жөндеп жатыр. https://cdn.top-news.kz/wp-content/uploads/2022/10/whatsapp-video-2022-10-27-at-16.57.01.mp4?_=1