Үйде отырып Эверестке шығуға болады

Үйде отырып Эверестке шығуға болады

Адамдарды байланыстыратын технологиялар күн санап өзгеруде. Бұл динамика сыртқы жағдайларға жауап ретінде пайдаланушының сұранысына байланысты қалыптасады. Пандемия кезінде бизнес-процестерден бастап барлық сала, оның ішінде, қызмет көрсету онлайнға көшті. Болашақ коммуникациялар туралы Ведомости басылымы жарияланған мақалаға Aikyn.kz шолу жасайды. [caption id="attachment_224386" align="aligncenter" > "Ана бір қолымен сәбиін, бір қолымен әлеуметтік желіні "тербетеді". Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]

Findstack мәліметтері бойынша, бүгінде әлемдегі компаниялардың 16%-ы толығымен қашықтан жұмыс істейді. Ал менеджерлердің 85%-ы команданың қашықта болуы қалыпты жағдай деп санайды.
Іскерлік коммуникациялардың түрленуі нәтижесінде бір тенденция екінші тенденцияға ұласуда, процесс үдей түсуде. Осы саладағы негізгі тенденциялар қалай өзгерді? [caption id="attachment_224388" align="aligncenter" > Қазіргі бизнес құрылымдар жұмысын осылай ұйымдастырады. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]

Әлеуметтік желі

Онлайн формат адамдар арасындағы қашықтықты еріксіз қысқартты. Әлеуметтік желілер өзгеше желілік платформаға айналды: қолданушылар өз парақшасында бос жұмыс орындарын жариялайды, ортақ достар, іскер серіктес пен тұтынушысын табады.
Мұның жанама әсері де бар – жеке және жұмыс арасындағы барлық шекаралар жойылды.
Түнде әлеуметтік желідегі әріптесіне қызмет бабында жазба қалдырмаған немесе жұмыс уақытында күлкілі интернет меммен бөліспейтін адам жоқ шығар. Бұл жерде әркім өзін таниды деп ойлаймын. [caption id="attachment_224389" align="aligncenter" > Жеке өмір мен жұмыс арасындағы барлық шекаралар жойылды. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]

Дауыстық көмекшілер

Кері байланыс, электронды пошталар мен қоңырау шалу артта қалды. Қазір адамдар мәселелерді боттар мен дауыстық көмекшілер арқылы шешуді жөн санайды. Neuro.net зерттеуіне сәйкес ресейліктердің 80% дауыстық көмекшілермен тұрақты түрде байланысады.
Сондықтан смарт-құрылғыларға сұраныс артып келеді: сатылған Sber смарт құрылғыларының саны 1 миллионнан асты. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында сұраныс өткен жылдың алғашқы 6 айымен салыстырғанда 40%-ға өскен. Дауыстық көмекшілер әкемнің де, інімнің де тілін табады. Фото Getty Images сайтынан алынды Барша қолданушылар қажетті ақпаратты оператордың жауабын күтпей-ақ дәл қазір алғысы келеді. Бизнес тәулік бойы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, жасанды интеллектке негізделген дауыстық көмекшілердің адамгершілігі мен эмпатиясы күшейді. Олар әзілдейді, әртүрлі тақырыпта әңгіме айтады, тіпті өзіндік мінездерге ие болуда.
Электронды көмекшілер күнделікті қайталанатын жұмыстан құтқарып, күнделікті тапсырмаларды орындайды, бизнес-процестерді бақылайды. Болашақ адамның уақытын бүгінгіден де тиімді пайдалануға көмектесетін технологиялардың пайда болатыны күмән туғызбайды. [caption id="attachment_224391" align="aligncenter" > Дауыстық көмекшілер қалжыңдайды, тіпті өзіндік мінездері бар. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] [caption id="attachment_224392" align="aligncenter" > VC байланыс жүйелері бизнесте үлкен сұранысқа ие. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]

Бейне-конференция

Бейне-конференция жүйелері (VC) бизнесте үлкен сұранысқа ие болуда. Бұл – пандемия мен қашықтан жұмыс істеуге жаппай көшудің нәтижесі.
Дүниежүзілік бейне-конференциялар нарығы жыл сайын 20% өсіп келеді. Marketsand болжамдары бойынша 2026 жылы 22,5 миллиард долларға жетеді.
Ресей нарығындағы Jazz by Sber (0+) сервисіне сұраныс биыл наурыз айынан бастап 9 есеге өскен. Нарықтың басқа қатысушылары да бұрын-соңды болмаған өсімді атап өткен. Әрине, бұған шетелдік баламалардың ресейлік нарықтан кетуінің де әсері болды. Дегенмен, солтүстік көршінің санкцияларға қарамастан, өз өнімдерінің сапасы мен функционалдығын арттыруда ілгері кеткені байқалады. [caption id="attachment_224393" align="aligncenter" > Бейне-конференциялар жұмыс процестерін тиімді етуде. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Бүгінгі күні бейне-конференция жүйелері онлайн байланыс пен жұмыс істеуге арналған толық платформа болып қалыптасты. Бұл сервисте хабарламалар алмасуға және пікірлер жіберуге, экранды бірден бірнеше қолданушымен бөлісуге немесе өткізілген конференцияның жазбаша нұсқасын кездесуден кейін бірден басып шығаруға, жүктеп алуға болады.
Бейне-конференциялар жұмыс процестерін тиімдірек етуге және аналитиканы жинауға мүмкіндік береді. Менеджер конференцияға жеке қатыспаса да кейінірек кездесу барысын талдап, қорытынды жасай алады.
[caption id="attachment_224394" align="aligncenter" > Бейне-конференциялар жұмыс процестерін тиімді жасайды. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]

Виртуалды кеңселер және толықтырылған шындық

Енді біраз уақыттан кейін виртуалды кеңселерде қызметкерлердің голограммасы түрінде жұмыс істейтін қызметтер ұсынылуы мүмкін.
Қазірдің өзінде қашықтықтан бірлесіп жұмыс істеуге арналған Spatial (18+) қызметі бизнес әріптестің виртуалды аватарымен сөйлестіре алады. Бұл стартап 2016 жылы пайда болғанымен пандемия кезінде сұраныс еселеп артты.
Платформаның көмегімен иммерсивті бөлмелерде кездесу өткізуге болады, бұған мобильді қосымшадан басқа арнайы жабдықтың қажеті жоқ. AR технологиялары да мобильді құрылғылар үшін арнайы бейімделетін болады. Үйден шықпай Эверестке көтеріле аласыз. Фото Getty Images сайтынан алынды [caption id="attachment_224396" align="aligncenter" > Күндіз де, түнде де толықтырылған шындық сізге қызметке дайын. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Бірнеше жыл бұрын Стэнфордта ерекше эксперимент жүргізілді: аудиторияда студенттер арнайы көзілдірік киіп, виртуалды профессордың лекциясын тыңдады.
Әрбір тыңдаушыға профессор жеке өзіне қарап тұрғандай етіп жасалған құрылғы тұтас аудиторияның назарын ерекше аударуға көмектесті.
Енді осы көзілдірікті киіп бас директорыңыздың тапсырмасын тыңдауды немесе жарнама көруді елестетіп көріңіз. Бұл тұтынушыға немесе қызметкерге қалай әсер етеді? Нәтижелері керемет тиімді болуы мүмкін. Жұмысқа барар жолда виртуалды кездесу өткізу, кептелісте тұрып әріптестермен конференция жасау үйреншікті жағдай. Фото Getty Images сайтынан алынды
Бейне-конференциялар телефонмен сөйлесу сияқты үйреншікті болып барады. Виртуалды көмекшілер нағыз цифрлық достар мен көмекшілерге айналуда.
Азық-түлік дүкеніне бара жатып достармен виртуалды кездесіп, кеңсеге барар жолда кептелісте тұрып әріптестермен конференция жасау, түймешікті басып әуе билетіне тапсырыс беру – мұның бәрі қазірдің өзінде шындыққа айналды. Адамдардың уақытын шығармашылық және қызықты өткізуге босата отырып, технологиялық сервистер дами бермекші. Коммуникациялық технологиялар даму қарқынын тоқтатар емес.