Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар анықталды
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар анықталды
Фото: Интернеттен алынды
Жексенбі күні оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған тағы үш оқиға тіркелді, – деп жазады «Ренхап» ақпарат агентігіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат». Соңғы мәлімет бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар 15-ке жетті. Айта кетейік, 87 адам тексерілу үшін карантинде жатыр. Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі корей орталығы 28 жастағы 13-науқасты жұма күні Қытайдың Ухань қаласынан жеткізілген 368 адамның бірі екенін хабарлады. Алғаш келгенде ер адамнан жаңа коронавирустың ешқандай белгісі болмаған. Сеулден оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде Асандағы мемлекеттік мекемеге орналастырған. Келесі күні ол өзін жайсыз сезінген. Зерттеу нәтижесі коронавирустың бар екенін көрсеткен. Денсаулық сақтау агенттігінің хабарлауынша, ер адам дереу ел астанасындағы ауруханаға жеткізіліп, карантинге жатқызылды.
«Уханьнан келген адамдардың бірінші легінен бір адамнан өзгеден вирус табылмады. Сенбі күні елге ұшып келген 333 корейдің 7-уі мұқият тексеруден өтті. Олардың ағзаларынан вирус табылған жоқ. Дегенмен, қалған 326 адамды тексеру жалғасуда», – деп хабарлады дереккөз.
Коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 14-адам – вирус жұқтырған ер адамның 40 жастағы әйелі. Оның ағзасындағы вирус өткен сенбі күні табылды. Орталықтың хабарлауынша, он екінші науқас – Жапонияда гид болып жұмыс істеген қытайлық. Ол байланысты болған Жапония азаматтарына вирус диагнозы қойылған.
19 қаңтарда гид Оңтүстік Кореяға келген, бірақ келгеннен кейін коронавирус белгісі байқалмағандықтан, ол емін-еркін жүрген. Корейлік орталық елде жүргенде онымен байланыста болған 138 адамның анықталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта орталық қызметкерлері аталған гидтен коронавирус жұқтыруы мүмкін адамдарды іздеп жатыр.
Ал он бесінші ауру жұқтырған науқас – 43 жастағы оңтүстікореялық вирус ошағы Уханьда болған. Ер адам елге 20 қаңтарда оралған. Билік оның бақылауда екенін айтты.