Ақмолада 3 келіге жуық есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды

Ақмолада 3 келіге жуық есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды

Ақмолада полицейлері гашиш тасымалдаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2022» іс-шарасының нәтижесінде, есірткі тасымалдаған адамды ұстады.   Жедел уәкілдер 44 жастағы жергілікті тұрғынның көлігін тоқтатты. Тінту барысында жолаушылар отыратын артқы орындықтан жалпы салмағы 2 келі 768 грамм гашиш салынған үш полиэтилен пакет салынған сөмкені тәркіледі. Оған қоса электронды таразы табылды. Полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.