Алматыда полицейлердің жүк көлігі жүргізушісін аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады
Алматыда полицейлердің жүк көлігі жүргізушісін аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады
1,063
оқылды
Әлеуметтік желіде полиция мен тұрғынның төбелесіп жатқан видеосы тарап кетті. Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 26 қазан күні болған.
"26 ​​қазанда 102 пультіне Сағдиев көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. ЗИЛ және Тоуоta көліктері соқтығысқан. Ақпаратты патрульдік полиция экипажы растады. ЗИЛ-ді 1984 жылы туған Т. есімді азамат басқарған, ол алкогольдік масаң күйде болды. Ер адам агрессиялық мінез-құлық көрсетіп, полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Құқық бұзушы медициналық куәландырудан өтті, оның қорытындысы бойынша ол канабиноидты топтың әсерінен жеңіл дәрежедегі алкогольдік және есірткілік мас күйде болғаны анықталды. ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша материал жинақталды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін ол кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды", – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/shorts/gbfeCiMIrhg