"7 жылға дейін сотталуы мүмкін": Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
"7 жылға дейін сотталуы мүмкін": Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото:instagram.com/rrm777
6,216
оқылды
Қазақ тіліне қатысты айтқан пікірлері желіде қызу талқыланған Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы мәлімдеді. Бұл хабарды журналист өзінің Facebook парақшасында жазды.
“Ал, достар, Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды Алматы қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы 20 қазанда ҚР Бас прокуратурасы мен Алматы қаласының прокуратурасына түсірген арызыма қылмыстық іс ашқаны жайлы жауап беріпті. Алматы қ. ПД ЭҚІСБ бастығының міндетін атқарушы Д.Е.Әбіқұлов қол қойған хатқа сенсек, ПД Тергеу басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру”) 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. “Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады”, – дейді Әбіқұлов.
Бұл айыптың жазасы заңда үш нұсқада көзделген: 2 мың-7 мың АЕК айыппұл, 2-7 жыл аралығында бас бостандығын шектеу немесе айыру.
"Айыпты деп танылса, сот мән-жайды ескере отырып, осы үшеуінің біреуін таңдайды”, – деп жазды Күлтегін Аспанұлы.