6 өңірде ескерту жарияланды
6 өңірде ескерту жарияланды
Фото: picsfab.com
171
оқылды
29 қазанда еліміздің алты облысында ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 29 қазан түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл аумағында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 29 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында тұман түсуі ықтимал. 29 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы тау асуларында 15-20 м/с болады. 29 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, боран болады.