Досаев Елбасына ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысын баяндады
Досаев Елбасына ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысын баяндады
© inform.kz
5,133
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлады elbasy.kz. Ұлттық банктің төрағасы Елбасына 2020 жылдың қаңтарында ақша-несие саясатын жүзеге асыру, елдің алтынвалюта активтері мен Ұлттық қордың ахуалы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесу барысында Е.Досаев «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру тақырыбы қозғалды.