Ұлытау облысына ғарыш кемесінің қалдығы құлап, жұртты шошытты
Ұлытау облысына ғарыш кемесінің қалдығы құлап, жұртты шошытты
235
оқылды
"Прогресс МС 21" ғарыш кемесінің қалдығы Жаңаарқа ауданындағы Орынбай ауылынан 25 шақырым қашықтықтан табылды. Бұл жайт ауылдықтардың қызу талқысына түсті. Ұлытау облысына құлаған "Прогресс МС 21" ғарыш кемесінің қалдығын Роскосмос өкілдері жинап әкетті. Жаңаарқа ауданындағы Орынбай ауылына 25 шақырым жерге түскен кеменің тұмсық жағында радиоактив заттар жоқ екенін айтады мамандар. Жергілікті биліктің мәліметінше, ғарыш кемесі бөлігінің түсетін жері алдын ала анықталған. "Роскосмос" өкілдері Орынбай ауылынан ат шаптырым жерде арнайы техникасын тізіп сайланып тұрыпты, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Сол аумақтағы қыстақтағылар уақытша қауіпсіз жерге шығарылды. Орынбай ауылының тұрғындарын эвакуацияламадық. "Роскосмос" өкілдері ғарыш кемесі қалдығының құлайтынын алдын ала біліп, сол аумақты қоршатты. Жерге түскен ғарыш кемесінің тұмсық жағы. Ол бөлікте адам немесе табиғатқа зиянды отын болмайды деп сендіреді жауаптылар. Ғарыш кемесінің бөлшегі жинап әкетілді, оның денсаулыққа ешқандай зияны жоқ", – деп жазды Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.