Степногор тұрғыны кеннен алтын «шығаратын» цех ашты
Степногор тұрғыны кеннен алтын «шығаратын» цех ашты
316
оқылды
Полицейлер аяқастынан алтын кенін өңдейтін зауыт тауып алды. Негізінен тәртіп сақшылары ұрлықтың мән-жайын анықтап жүрген болатын.
«36 жастағы жергілікті тұрғын арызбен 24 тамызға қараған түні үйінің кілтін алып кіріп, жалпы құны 793 400 теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлап кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдануды сұраған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Бұған дейін бірнеше рет сотталған 47 жастағы жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Ақмола облысы бойынша ПД.
Алайда іс мұнымен бітпеген, ұсталған адам алтын бұйымдардың барлығын дерлік балқытып, Степногор қаласының тұрғынына сатып жібергенін мойындады. Тез арада 49 жастағы ер адам табылды, оның қорасынан тінту кезінде: екі ұнтақтағыш станок (қалпақ және жұдырықша), бір жуғыш, құрамында алтыны бар металл ванна, бір шойын ванна, құрамында алтыны бар 31 қап материал және электронды таразылар табылған. Ұсталған азаматтың айтуынша, биыл көктемде ол кен өндіру цехын ұйымдастырған. Енді оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.