Көктайғақ, тұман. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Көктайғақ, тұман. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстанда көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Қазгиромет. 30 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні секундына 23 метр. Оралда 30 қазанда түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Атырауда түнде және таңертең тұман болады. Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ. Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. 30 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертен 30 қазанда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік- батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 23-28 метрге жетеді. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. 30 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, 31 қазанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні секундына 25 метрге жетеді. Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.