Тұрғын үй құрылысы саласында бірыңғай оператор құрылады
Тұрғын үй құрылысы саласында бірыңғай оператор құрылады
© 24.kz
136
оқылды
Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда айтты, - деп хабарлады 24.kz. Оператор құрылыстың жаңа әдістерін, құрылыс материалдарын, жаңа технологияларды қолдануға міндеттеледі. Сондай-ақ «Даму» қорының несие салушыларын субсидиялау функциялары аударылатын болады. - Бізде «Бәйтерек» девелопмент, Қазақстандық ипотекалық компания және тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры біріктіріледі. 1 маусымға дейін біз заңнамаға өзгерістер енгізу және өзгерту бойынша тиісті жұмыстар жүргіземіз. Бірыңғай оператор стратегиялық жоспарлаудан бастап инжиниринг, сандық мониторингты қоса алғанда іске асырудың барлық кезеңдерінде жобаларға тікелей қолдау көрсететін болады, - дейді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев.