«Барыс» «Салават Юлаевтан» ойсырай ұтылды
«Барыс» «Салават Юлаевтан» ойсырай ұтылды

Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) клубына қарсы өткізді.

Кездесуді ресейлік команда белсенді бастады. Нәтижесінде бірінші кезеңде Степан Санников 8-інші, Данил Апалькин 10-минуттарда мергендік танытты. Екінші кезеңде оған «Барыс» хоккейшісі Еор Петухов 21-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал ресейлік Сергей Шмелёв «Салават Юлаевтың» басымдығын арттырса, Александр Хмелевски 31-минутта есепті үстемелей түсті. Үшінші кезеңде ресейлік командадан Алексей Пустозёров 49-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Есеп – 5:1 Енді «Барыс» алдағы ойынын 1 қарашада елордада «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.