Президент Алаш қайраткері туралы кітап авторын орденмен марапаттады
Президент Алаш қайраткері туралы кітап авторын орденмен марапаттады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік ғалымды Алаш партиясы жетекшілерінің бірі –  Әлихан Бөкейханов туралы кітабы үшін "Достық" орденімен және алғысхатпен марапаттады. 27 қазанда Мәскеуде Қазақстан елшілігінде «Әлихан Бөкейханов: адам – дәуір» кітабының тұсаукесері өтті. Автор Виктор Козодой өз жұмысында бұрын ғылыми айналымда пайдаланылмаған дереккөздерді, материалдар мен фактілерді: мұрағат құжаттарын, естеліктерді, сол жылдардағы газет-журналдағы жарияланымдарды пайдаланған. Бұған дейін Қазақстанның бес қаласында (Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Қарағанды) кітаптың тұсаукесері сәтті өткені атап өтілді. Содан кейін Мәскеуде алғаш рет Ресейдің белгілі ғалымдары мен сарапшыларының қатысуымен кітаптың тұсаукесері өтті.
"Бүгін бізге «Достық» орденінен бөлек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның «кітабымды зор ықыласпен оқығаны» туралы жеке алғысхаты да келді. Қазір менің кітаптарымды тарих жанашырлары мен ғалымдары ғана емес, егемен, тәуелсіз мемлекеттердің басшылары да оқиды деп айтуға толық дәлелім бар",– дейді профессор Козодой.
Бұл оның тұңғыш және жалғыз мемлекеттік наградасы екенін, ол үшін ғалым Тоқаевқа шын жүректен алғысын білдіретінін атап өтті.
"Бұл менің Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан қарапайым үлесім болсын", – деп қосты ғалым.
Айтпақшы, сарапшылар Әлихан Бөкейханов туралы кітапты оның тұлғасы туралы алғашқы терең және тұтас ғылыми-зерттеу деп атады. Дегенмен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру аясында Алаш қозғалысы қызметінің көптеген қыры әлі ашылған жоқ деген пікір бар.