Мәскеу орталығында үшқабатты ғимарат өртке оранды
Мәскеу орталығында үшқабатты ғимарат өртке оранды
524
оқылды
Мәскеу қаласының орталығында 200 шаршы метр аумақтағы үшқабатты үй өртеніп кетті. Ресей ТЖМ Бас басқармасы мәліметінше, өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.24-те (Астана уақыты бойынша 19.24-те) белгілі болған.
"Өрт сөндірушілер келген кезде 3-қабаттың терезелерінен үй өртеніп жатқаны байқалған. Ғимарат үшқабатты, кірпіштен қаланған, ескі ғимарат. Өрт ауданы 200 шаршы метр болады", – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейінірек өрт сөндірілген. Өрт сөндіруге 100 адам және 29 техника жұмылдырылған.