Теміртауда 60-қа тарта көпқабатты үй жылусыз қалды
Теміртауда 60-қа тарта көпқабатты үй жылусыз қалды
200
оқылды
Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы 58 тұрғын үй кешеден бері жылусыз отыр. Қала әкімдігінің хабарлауынша, апат кеше түнде жылу магистралінің жөнделіп жатқан бөлігінде болды. Апат жылу жүйесіндегі тіректердің бірінің дұрыс орнатылмауына байланысты туындады. Салдарынан 6-шағынаудандағы 58 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды. Қазір апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Өкінішке қарай, мердігерлік мекеменің қызметкерлері жетіспей жатыр. Сол себептен қосымша көмек ретінде «АМТ» мекемесі көмек беруде. Аз уақытта апат болған аумақтағы ақауларды жою үшін барлық қажетті іс-шараларды атқаратын боламыз. «Оқжетпес-Т» ЖШС басшысына жылу болмаған уақыт бойынша аудан тұрғындарына төлем есептемеу бойынша тапсырма берілді», – деді «Теміртау қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Ринат Қыдырбеков.