Ресей астық тасымалы келісімінен шықты - РФ Қорғаныс министрлігі
Ресей астық тасымалы келісімінен шықты - РФ Қорғаныс министрлігі
228
оқылды
Ресей Федерациясы астық тасымалы келісіміне қатысуын белгісіз мерзімге дейін тоқтататынын мәлімдеді. РФ Қорғаныс министрлігі Қара теңіз флотының кемелеріне және Севастопольдегі азаматтық кемелерге дрондар шабуыл жасағанын, бұл арадағы басты себеп осы екенін айтты. Сондай-ақ Ресейдің құзырлы ведомствосы украин дрондары көздеген нысан арасында астық келісімінің орындалуын бақылайтын және Украина порттарына кіріп-шығатын жүк кемелері үшін қауіпсіздік дәліздерін құруды қолдайтын ресейлік кемелер болғанын да атап өтті. Ведомствоның хабарлауынша, шабуылға 9 ұшу аппараты мен жеті автономды теңіз дрондары тартылған. Барлық шабуылдарға тойтарыс берілді. Алдында РФ Қорғаныс министрлігі украин дрондарының Севастопольге шабуылын Николаев облысының Очаков қаласында орналасқан британдық мамандардың басқаруымен жүзеге асырылғанын айтқан болатын. Ресейдің келісімге қайта оралу шарттары Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылмаған. Ыстамбұлда 22 шілдеде Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ "астық келісіміне" қол қойды. Келісімге сәйкес, Украинадағы астық, азық-түлік пен тыңайтқыштар Қара теңіз арқылы Одессаны қоса алғанда үш порттан тиеліп, қажетті нысанға жөнелтілуі тиіс болатын.