Мас күйінде көлік тізгіндеген 24 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Мас күйінде көлік тізгіндеген 24 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
© polisia.kz
Маңғыстау облысында мас жүргізушілер саны 3 есеге азайды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдарды күн сайын патрульдеу жұмыстарының арқасында мас көлік жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу шаралары жүргізілуде. Статистика бойынша, қолданыстағы әкімшілік жазалау шаралары жүргізушілердің тәртібіне оң нәтижесін беруде. Мас күйінде жүргізгені үшін жазаны күшейту жүргізушілер мен жолаушылардың, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді. Жыл басынан бері көлік жүргізуге масаң күйде отырған 145-тен астам жүргізуші анықталды. Заң талаптарының өзгеруіне байланысты масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің саны 2 есеге азайды. Автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін 24 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды,  бұл 2019 жылдың қорытынды кезеңімен салыстырғанда 3 есеге аз. Мас күйінде көлік жүргізген барлық жүргізушілерге олардың өмірі мен жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, айналасындағы адамдардың өмірі өте маңызды екенін есте сақтаған жөн.