Қазақстандық паракаратэшілер Италияда әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Қазақстандық паракаратэшілер Италияда әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
25-30 қазан аралығында Бергамо қаласында (Италия) паракаратэден әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты.
Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджанов қорғады. Спортшылар «Ката» санаты бойынша сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. 1 орын – Ләззат Жүсіпова (көру қабілеті бұзылған спортшылар санаты); 1 орын – Дидар Мұхамеджанов (тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар санаты).