Алматы облысында Өзбекстан азаматы 105 қойды ұрлап кетті
Алматы облысында Өзбекстан азаматы 105 қойды ұрлап кетті
Фото: youtube.com
811
оқылды
Алматы облысында 105 малды ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жамбыл аудандық ПБ-ның дерегінше, 25 қазанда Жамбыл ауданы полициясының кезекші бөліміне Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны арызданған. Мал иесі 22 қазан күні түнде жайылымнан 105 бас қойы ұрланғанын айтты. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркелді.
«Жедел іздестіру нәтижесінде, шаруа қожалықта малшы болып жұмыс істеген Өзбекстан азаматы күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Күдікті сеніп тапсырылған 80 бас малды жүк көліктерін жалдап, көршілес Жамбыл облысының Шу қаласындағы мал базарында 78 басын 3 276 000 теңгеге саудалағаны белгілі болды. Сонымен қатар ұрланған 25 бас қой табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат бұлтартпас дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады», – деді Жамбыл аудандық ПБ бастығы Асхат Данияр.
Табылған мал заңды иесіне қайтарылды. Күдікті қамауға алынды.