Сұлтанғазиев жаңа қызметке тағайындалды
Сұлтанғазиев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz
Үкіметтің қаулысымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген. Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады. 2010 жылы – «Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы. 2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарды. 2013-2014 жылдары – «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының» президентi. 2014-2016 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2016 жылы Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары болды. 2016-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының м.а., директоры. 2017-2018 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры. 2018-2020 жылдары – СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы. 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы болды. 2021-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.