Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-31.10.2022
Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-31.10.2022
Фото: sputnik.kz
464
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы екі-үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер 1-3 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ауа температурасы күрт төмендеп, жаңбырдың соңы қарға ұласады. 1 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 2-3 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар жаууы мүмкін. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, елдің солтүстігінде жел күшейіп, бұрқасын соғады. 1 қарашада ауа температурасы күндіз 10-22°C болатын, 2 қараша күні 5-13°C-қа дейін төмендейді.