Қарақат Әбден Қарағанды жұртшылығымен кездесті
Қарақат Әбден Қарағанды жұртшылығымен кездесті
©egemen.kz
233
оқылды
Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы Қарағандыда халықпен кездесу өткізді. Қарағанды қаласының «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында ұйымдастырылған кездесу барысында Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының таныстырылымын өткізді. Кездесуге Қарағанды облысының 100-ге жуық көпбалалы ана жиналған. Тұрғындар отбасы құндылықтарына қатысты мәселелерді көтеріп, рухани, мәдени-әлеуметтік даму төңірегінде сұрақ қойып, нақты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. [caption id="attachment_224795" align="alignnone" width="1200"]Қарақат Әбден ©egemen.kz[/caption] «Бүгінгі кездесуде Қарақат Әбденмен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыладық. Өзіміздей көпбалалы әрі ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген ананың президенттікке үміткер болып, ел болашағы үшін еңбек етіп жүргені біз үшін үлкен қуаныш», - деді көпбалалы аналардың бірі Сандуғаш Құлмақова. Сайлауалды штабының баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұдан бұрын Қарақат Әбден Астана маңындағы Қосшы қаласы мен Қоянды ауылының тұрғындарымен де кездесу өткізген. Еске салсақ, Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.