Шығыс Қазақстанда 360 келіден астам тірі шаянды тасымалдаған тұрғын ұсталды
Шығыс Қазақстанда 360 келіден астам тірі шаянды тасымалдаған тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz
500
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, республикалық «Браконьер» іс-шарасы өтіп жатыр.  Құйған ауылдық округі Қызыл ту өткелінде жүргізілген тексеру кезінде Күршім ауданының ЖПҚБ ППТ қызметкерлері 34 жастағы  тұрғынның көлігін  тоқтатты. Оның заңсыз шаян  тасымалдағанын анықтады.    width= Көліктен салмағы 364 келіден асатын 6320-ға жуық тірі шаян тәркіленді. Шығын көлемі – шамамен 2 миллион теңге.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік жүргізушісі шаяндарды келісім жасалған кезде бетперде киген, бұрын танымайтын бес ер адамнан сатып алғанын айтқан.  Кейін тауарды күйеу баласының ГАЗель көлігіне тиеп, Өскеменге бет алған жолда тәртіп сақшылары ұстаған. Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.
 width= Бұған дейін киіз мүйізін сатқандар ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.