Екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды
Екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды
Фото: polisia.kz
595
оқылды
Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, полиция 26 қазанда Ақтөбедегі түнгі клубта екі адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер ұсталып, соттың қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен барлығы 13 адам ұсталды. Сондай-ақ осы ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны және уақытылы медициналық көмек көрсетпегені үшін осы түнгі клубтың директоры ұсталды. Бұл клубтың лицензиясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізіледі. Өзге ақпарат тергеуден кейін мәлім болады.