Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен Қостанай қаласына келді. Ол облыстық өлкетану мұражайында, А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте болып, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кандидат Қостанай қаласына сапарын ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи тұлғаның рухына тағзым етуден бастады. Кейін Мейрам Қажыкен облыстық өлкетану мұражайына барып, Тобыл өңірінің құнды жәдігерлерімен танысты.
Сонымен қатар, музей қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Артынша кандидат Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттерімен кездесіп, жастарды толғандырған сұрақтарына жауап берді.
[caption id="attachment_224830" align="alignnone" width="640"]