Президент Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
299
оқылды
Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
«Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына және үкіметіне көңіл айтамын. Сондай-ақ жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, бұған дейін Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында көпір опырылып, кем дегенде 141 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.