Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Бейбіт Атамқұлов тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда. «Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;Қазақстанның Хорватиядағы төтенше және өкілетті елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды» деп жазылған Жарлықта.