Өзбекстанмен шекарадағы өткізу бекеті қайта құрылымдау мақсатында жабылады
Өзбекстанмен шекарадағы өткізу бекеті қайта құрылымдау мақсатында жабылады
368
оқылды
Желтоқсаннан бастап Өзбекстанмен шекарадағы «Қапланбек» өткізу бекеті жабылады. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметтері бекіткен екі ел шекарасындағы өткізу пункттерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кедендік бақылау комитетінің кездесуі аясында тараптар биылғы 1 желтоқсаннан бастап «Қапланбек» – «Зангиота» өткізу бекеттерін қайта құру кезеңінде толық жабуға уағдаласқан. «Қайта құру қорытындысы бойынша 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейту жүргізіледі, «Қапланбек» өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1000 көлік құралына дейін ұлғайтылады, шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқарады. Бұдан басқа, көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздерін пайдалану жолымен өткізу пунктінде көлік құралдарының қозғалысының барлық циклін автоматтандыру жоспарлануда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді», - деп жазды ведомстводан.