Бірнеше Полиция департаментіндегі кадрлық ауыс-түйісті ІІМ-да қарап, басшы лауазымына үміткерлердің жетістігі мен біліктілігін талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып Фархад Омаров тағайындалды. Ол бұған дейін ІІМ Тергеу департаментінің Аналитикалық жұмыс және алдын ала тергеу басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
– Біздің талаптарды білесіз. Жаңа жерде жинаған тәжірибеңізді пайдалана отырып, жаңа әдістерді енгізесіз деп үміттенемін, – деп атап өтті министр.Марат Ахметжанов тергеу саласы бойынша Павлодар облысында қолға алынған өзгерістер мен іс жүргізудің жаңа форматы ақырындап басқа өңірлерге енгізілу керек деген талап қойды. https://youtu.be/pN8okyuedGY Осы орайда ол Фархад Омаровқа жаңашылдықтарды Ақмола полициясында іске асыруды тапсырды. Дәурен Ибраев Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. «Барлығы сізге тек оң баға беруде. Іс жүргізуде өзіндік мәнеріңіз бар, ұсыныстарыңыз бен тың идеяларыңыз да жетерлік. Қарағандыда бұған дейін қызметкерлердің шенді өздеріне заңсыз алған жағдайлары кездескен болатын. Сізді осы аймаққа департамент бастығының кадр саясаты бойынша орынбасары етіп тағайындай отырып, сіз ішкі тәртіпті күшейтіп, кадрлық жұмысты реттейсіз деп үміттенемін. Кадрлық жұмыс тек марапаттау, тағайындау немесе жазалау емес, ол алдымен қызметкерлерге дұрыс жағдай жасау. Қарағанды облысын кадр саясаты бойынша үлгілі өңір ететіндеріңізге сенімемін», – деді министр. Абай облысы ПД Семей қаласы Полиция басқармасының бастығы болып Қайрат Әбдіғалиев тағайындалды. Полиция полковнигі бұрын ШҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығы болған.