«Қазгидрометтің» мәліметінше, қараша айында ауа райы жауын-шашынды болады. Қараша айының басында циклон Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райына ықпал етеді. Республиканың оңтүстігінде әлі де жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында нөсер жауын жауады. Көктайғақ болады. Жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді. Қарашаның алғашқы күндерінде ауа температурасы түнде – -5+5°С, күндіз – +1+9°С. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз –+10+18°С. Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағынан кетеді. Бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады. Жауын-шашын батыс өңірлерде тоқтайды, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендейді. Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары келіп, күн құбылмалы болады. Термометр бағаны елдің солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін. Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массасы келіп, күн жылынуы да мүмкін.