Оралда алғашқы қар жауды

Оралда алғашқы қар жауды

Орал қаласында алғашқы қар жауды,  – деп хабарлады ҚазАқпарат. Қарашаның 1-іне қараған түні жауған қар толастар емес. Қазір көшелер, ағаш-теректер, автокөліктер кәдімгідей қар жамылған. Температура тілі 0 градусты көрсетіп тұрғандықтан, қар еріп те жатыр. Кеше қалада жаңбыр жауса, бүгін қар алмастырды. Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері де осындай ауа райы болмақ. Жалпы, биыл өңірде күз жауын-шашынды болып тұр. https://www.youtube.com/watch?v=kf2Z7D6hMBc&feature=emb_imp_woyt