Астанада 18 жастағы жігіт 24-қабаттан секіріп кетті
Астанада 18 жастағы жігіт 24-қабаттан секіріп кетті
Фото:dixinews.kz
433
оқылды
Астанада 18 жастағы жігіт өзіне қол салды, - деп хабарлады қалалық ПД.  1  қарашада желіде AITU бірінші курс студентінің өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Елордалық ПД аталған деректі растады.
"31 қазан күні Есіл ауданының Полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түсті. Тексеру барысында аталған факті расталды. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол 24-қабаттан секірген 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.